Погода в Темиртау -9 °C
USD 388.49
Euro 427.26
Рубль 6.06
WAP Карта сайта
Версия для слабовидящих
home
home home

ҚАЛАНЫҢ СПОРТТЫҚ МАҚТАНЫШЫ




Қазақстанда Спорт күні тамыз айының  3-ші жексенбісінде аталады, және бұл мереке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Жарлығымен бекітілген.
Дене шынықтыру және спорттың адам денсаулығына сонымен қатар адам өміріне шексіз үлес қосатынын айтып кетпеуге болмайды. Спортпен үнемі шұғылдану – адам өмірінің және  ұлт бақытының кепілдігі.
Жыл сайын елімізде бұл күні осы мерекеге арналған көптеген марафон, жарыстар, спорт шаралары және концерттер өтеді. Осы бұқаралық шараға қатысатын қазақстандықтардың саны жыл сайын еселене өсуде. Бұл бізді қуантпай қоймайды!
Біздің қаламызда 2011 жылдан бастап Теміртау қалалық әкімінің «ТЕМІРТАУ ӘКІМІНІҢ АЛТЫН БЕЛГІСІ» марапаты табысталуда. Бұл белгімен «Спорт күні» маман мерекесі құрметіне дене шынықтыру және спортта ерекшелінген адамадар марапатталады.
Бұндай салттың республикамыздың ешбір аумағында жоқ екенін, біз мақтанышпен айта аламыз.
Құрмет марапаттамасымен, алғыс хаттарымен және «әкімнің Алтын белгісі»-мен  спорттың дамуына үлкен  үлес қосқан спортшылар, спорт ардагерлері, дене шынықтыру мұғалімдері, мүгедектерді және кәсіпкерлер марапатталады.
Барлығы жылына екі рет марапатталады. Қазақстан Республикасының спорт күніне бес номинация бойынша:

  1. Спорттың белсенді ардагері.
  2. Мүмкіншілігі шектеулі белсенді спортсшы.
  3. Спорт мекемесінің үздік басшысы.
  4. Дене шынықтыру және спорттың дамуына қосқан үлесіне.
  5. Дене шынықтырудың үздік мұғалімі.

Жылдың қорытындысына байланысты екі номинация бойынша:

  1. Жылдың үздік жаттықтырушысы.
  2. Жылдың үздік спортсшысы.
© 2015 Отдел физической культуры и спорта города Темиртау
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»